25.05.2024, 19:23
Оқылды: 62

Бөкейде соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті

Бүгін еліміздің білім ошақтарында кезекті оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылды. Бұл күн – мектептің биылғы түлектері  жаңа өмірге  қадам басса, 30, 20,10 жыл  бұрынғы түлектердің алтын ұя мектептеріне оралып, сыныптастарымен қауышатын ерекше күн. Дәл осындай ерекше күнде Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов М.Мәметова атындағы мектепте, әкімнің орынбасары Кенесары Нұршинов М-С.Бабажанов атындағы мектепте боп, салтанатты жиынға қатысты.

1

Әдеттегідей салтанатты шара шымылдығы еліміздің әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директорлары оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, мектеп жетістіктерін атап өтті. Шәкірттері топ жарған ұстаздар мен үздік білім нәтижесін көрсеткен, қоғамдық өмірге белсенді араласқан оқушылар марапатталды.

Алтын ұяларына 20, 10 жылдан кейін оралып, бала күнгі достарымен қауышқан ауыл азаматтары сөз алып, мектепке тарауларын табыстады.

2

Мектептің биылғы  түлектері алғысын білдірсе, бірінші сыныпты енді тәмамдаған балдырғандар балғын үнімен ата-аналарына ақ жол тіледі.

Шара соңы мектеп бітірушілердің вальсіне ұласты. Түлектер тек вальспен шектелмей, ұстаздар қауымына концерттік бағдарлама да әзірлепті.

Сөз соңында тақырыпты аудан көлемінде бір шолып өтсек, биыл ауданның білім ұяларында 2651 оқушы білім алды. Бүгінгі күні 167 түлек мектепті бітіріп, олардың 145-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген.

Тоғыз оқушы «Алтын белгіге», 15 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале