Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Орда» спорт клубының ғимаратында студенттер бірнеше спорт түрінен өзара сынға түсті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов қатысып, тартысты әрі әділ сайыс өткізуге тілектестігін білдірді.
«Нарын жастары» ЖҚБ төрағасы Медет Қаресов жарыстың ережесімен таныстырса, аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Әйгерім Құрымбаева қызылшаға қарсы екпе алудың маңыздылығына тоқталып, жадынамалар таратты.
Өздерінің төл мерекесінде бас қосқан студенттерден құралған команда дартс, қол күресі, баскелбол шеңберіне доп салу, белтемірге тартылу, арқан тартыс секілді ойындарда барын салып, үздік атануға тырысты.
Сайыс соңында «Жалын» тобы жеңімпаз атанса, екінші орынға «Дәстүр» командасы жайғасты, үшінші орынды «Арыстан» мен «Болашақ» командалары өзара бөлісті.
Қуанышбек Ғиниятов,
штаттан тыс тілші
Бөкей ордасы ауданы