Қазақтың ұлттық аспабы домбыра күніне орай «Күйшілер аллеясы» саябағында керемет шара өтті. «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра»партиялық жобасы аясында өткен «Домбыра party» бағдарламасында аталмыш партияның Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады.
Шарада құм Нарынның тума таланттары Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Сейтектің туындыларымен қатар, әр түрлі жанрдағы күйлер орындалды. Шара барысында аудандық музыка мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінен бөлек ардагер домбырашылар, тіпті өнерге жақын көрермендер де өз өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында белсене қатысқан өнерлілерге «AMANAT» партиясы аудандық филиал атынан алғысхаттар табысталды. Аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Насимуллин демеушілік танытып, жас өнерпаздарға балмұздақтар сыйға тартылды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы