7.09.2025, 9:30
Оқылды: 395

Бөкейде «Үш ағайын» қонақүйі ашылды

Бөкей ордасы ауданында тағы бір қуанышты жаңалық орын алды. Жергілікті кәсіпкер Винир Өтеевтің қолға алуымен «Үш ағайын» қонақүйі пайдалануға берілді. Құны 20 млн теңгеден асатын жаңа нысан Винир Заурұлының жеке қаражаты есебінен салынды.
photo-output
Ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрлыбек Даумов та қатысып, жаңа қонақүйдің жайлы әрі қолжетімді демалыс орнына айналуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, еңбек ардагері, ауыл ақсақалы Қитеш Бисенғалиев ақ батасын беріп, тұрғындардың атынан ризашылығын жеткізді.
542265068_769257405736900_5073991881463346607_n
Қонақүйдің ашылу салтанатында ұтыс лотереясы ойнатылып, құтты болсын айта келген қауым олжалы болды. Оған қоса келушілерге дастархан фуршет жайылды.
photo-output
Айта кетелік, осы аптада ауылымызда тағы бір нысан – көлік жуу орталығы іске қосылған болатын.
photo-output
Арайлым Маратқызы

Орда жұлдызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале