Бүгін Бөкей ордасы ауданының №3 Солтүстік және №7 Саралжын бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөкей ордасы ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының сайлауына дауыс беру басталды.

Кешке дейін 1406 сайлаушы өз таңдауын жасайды деп болжануда.

Дауыс берушілерге қызмет көрсету үшін учаскелік сайлау комиссияларының 29 бірдей мүшесі сапқа тұрған. Таратып айтсақ, аумақтық сайлау комиссиянан басқа екі окуругтік №3 Солтүстік және №7 Саралжын комиссиясы, №71, №76 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасауда.
Учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын сағат 07:00-де бастады, кешкі 20:00-ге дейін жалғаспақ.

Ауылдастар саяси науқаннан шет қалмайды, дербес пікірлерін білдіреді деген сенім бар.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы