Наурыз мейрамы қарсаңында Бөкей ордасы ауданы орталығында жаңа тамақтану орны «Нұр» асханасы ашылды. Ол кәсіпкер Алтынгүл Сәменоваға тиесілі. Алтынгүл кәсібін бүгін бастап тұрған жоқ. Осы салада тәжірибе жинақтаған кәсіпкер.

Кәсібін кеңейтіп, орталықтан жаңа орын ашқан Алтынгүлдің қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нұрлыбек Даумов бастаған тиісті сала басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа орынның тұсауын кескен аудан басшысы:
- Ауылымызда жаңа тамақтану орнының ашылуы – бұл тек кәсіпкердің табысы артты деген сөз емес. Бұл ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орны, аудан орталығына келген қонақтарымыз үшін жайлы орын деген сөз. Кәсібіңіз кеңейіп, табысыңыз арта берсін! - деп жеке кәсіпкер Алтынгүл Шаппазгерейқызына тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде кәсіп иесі қолдау білдірген аудан әкімдігіне рақметін жеткізді.

Тамақтану орнында 20 орындық зал және одан бөлек вип залы да қарастырылған.
Анар Артықбай
Суретке түсірген Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы