19.04.2025, 14:30
Оқылды: 216

Бөкейде жас ғалымдардың конференциясы өтті

Бүгін Бөкей ордасы ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жас зерттеушілер арасында «Бейбіт өмірдің ұрпақтары» атты облыстық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

FB_IMG_1744985905963

Аудандық ішкі саясат, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қолдауымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы және «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен өткен облыстық ғылыми-танымдық конференция 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандықтардың ерлігін мәңгі есте сақтау және олардың ерліктерін жадында ұстауды, Кіші Отанының соғыс жылдарындағы тарихын зерттеу бойынша тәжірибе алмасу, ұлтжандылық сезімді, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуды мақсат еткені анық.

FB_IMG_1744985872323
Конференция меймандары алдымен М.Мәметова атындағы мектепке ат басын бұрып, батыр жерлесіміздің құрметіне ашылған мектепішілік музейді тамашалады. Аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология бөлімінің басшысы Жұбан Ғұмаров музейдегі соғыс тарихының куәсі болған көне жәдігерлер туралы толыққанды әңгімелеп берді.

FB_IMG_1744985888954
Музейден шыққан делегация құрамы бірден Мәншүк Мәметованың ескерткішіне бет алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бұл салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева, жергілікті полиция өкілдері, мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Майдан даласында опат болған боздақтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алған соң аудан әкімінің орынбасары Кенесары Бекболатұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Тельманқызы гүл шоқтарын қойды. Ақжайық ауданының атынан ғылыми жетекші Гүлбаршын Сүлейменова мен оқушысы Алмасхан Нұрланов, Казталов ауданының атынан ғылыми жетекші Есбол Идрисов пен оқушысы Мейрамгүл Асылбекқызы, Жәнібек ауданының атынан ғылыми жетекші Гүлнәр Бапақова мен оқушысы Рәзия Серік және Оралдық делегацияның атынан ғылыми жетекші Фархат Сәрсенғалиев пен оқушысы Естөре Төребек, сайқындықтар атынан ғылыми жетекші Жұбан Ғұмаров пен оқушысы Бақдәулет Таңатаров гүл шоқтарын қойды.

FB_IMG_1744985883135
Айта кетелік, әр баяндамашыға 10-15 минут уақыт берілді. Ақжайықтық жас ғалым Алмасхан Нұрланов «Батырлар ерлігі ұрпаққа аманат», казталовтық Мейрамгүл Асылбекқызы «Батыстан шыққан барлаушы», жәнібектік Рәзия Серік «Жәнібек ауданы – Ұлы Отан соғысы жылдарында», оралдық Ертөре Төребек «Поколение мирной жизни», ал сайқындық Бақдәулет Тұңғатаров «Ұлы отан соғысы жылдарындағы Бөкей ордасы ауданы» тақырыбында баяндама жасады.

FB_IMG_1744985849107
Конференция соңында аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева мен аудан әкімінің орынбасары К.Нұршинов конференцияның жұмысына қатысушыларға алғыстарын жеткізіп, спикерлерге аудан әкімінің атынан мадақтама қағазы мен арнайы конференцияға әзірленген сыйлықтарды табыс етті.

FB_IMG_1744985861576
Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале