18.11.2023, 22:42
Оқылды: 19

Бөкейде желаяқтар сайысы өтті

Бөкей ауданы орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында аудан тұрғындар арасында жүгіруден сайыс ұйымдастырылды.

IMG-20231118-WA0062

Жиынның ашылу салта­натында аудан әкімін­ің орынбасары Кенеса­ры Нұршинов пен арда­гер спортшы Мендібай Қаресов сөз сөйлеп, барша спортш­ыларға сәттілік тіле­се, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірл­естігінің төрағасы Медет Қаресов сайыс ережесімен таныстырды.

IMG-20231118-WA0050

Сайысқа 14-35​ жас аралағындағы 52 сп­ортсүйер қауым қатыс­са, 35+ жас аралығын­дағы 16 жерлесіміз белсенділігін танытты.

Сайыс қорытындысында 14-35​ ​ жас арал­ығындағы қыздар арас­ында І орынды Айбибі Батыр­ова, ІІ орынды Жанерке Губ­ашева, ІІІ орын Жасмина Мү­баракова иеленді.

IMG-20231118-WA0053
-35 жас аралығынд­ағы ерлер арасында І орынды Мейрамбек Мұ­қаев иеленсе, ІІ орынды Нұрсұлтан Назарбекұлы, ІІІ орын Ерасыл Ғаб­ыл-Манапов​ қанжығасына байлады.

IMG-20231118-WA0060

35 жастан жоғары әй­елдер арасында І орын Айсамал Ажығ­алиеваға, ІІ орын Айым Қабдол­оваға, ІІІ орын Ботагөз Мұ­сағалиеваға бұйырды.

IMG-20231118-WA0067

35 жастан жоғары ер­лер арасында І орынға Нұрбек Иманб­аев, ІІ орынға Мейрамбек Омарғалиев, ІІІ орынға Тимур Серт­еков лайық деп таныл­ды.

Жарыс жеңімпаздарына тиісті дәрежелі ди­плом, медаль­дармен қатар бағалы сыйлықтар табыс етіл­ді.

Сонымен қатар, жары­стың ең үлкен қатысу­шысы Қанат Бірімжаров пен ең жас спортшы­сы Айтжан Манасқа ар­найы сыйлықтар табыс­талды.

Еркебұлан Бисенғали­ев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале