4.09.2024, 23:00
Оқылды: 8

Бөкейге өкіл имам келді

Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапарымен өңіріміздің өкіл имамы Самат Әлібаев пен жерлесіміз «Сәрсенұлы Темірболат ата» мешітінің бас имамы Ерлан Айтенов арнайы келіп, орталық мешіттің күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысып өтті.

IMG-20240904-WA0081

Кездесуде аудандық мешіт имамы Мұхаммедәлі Медетұлы бас имамды құрылыс жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

IMG-20240904-WA0085

Өз кезегінде Самат Әлібаев Мұхаммедәлі Медетұлығының бастаған ісіне ризашылығын білдіріп, баршы бөкейліктерді сауапты іске атсалысуға шақырды.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале