Бөкейлік 319 азаматқа 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіледі. Жалпы сома 15 950 000 теңгені құрайды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиевтің төрағалығымен өткен штаб отырысында мәлім болды.
Штаб әлеуметтік қолдауға мұқтаждар категориясын анықтау мақсатында бас қосты.
Естеріңізге сала кетсек, пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында "Birgemiz-Oral" қоғамдық қоры құрылған еді.
Штаб мүшелерінің ұйғарымымен қор қаржысы аудан бойынша:
5. ҰОС ардагері мен оларға теңестірілген мүгедектер, Ауған жауынгерлері мен Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқандар санатындағы 16 тұлғаға тиесілі деп танылды.
Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz