4.12.2019, 17:40
Оқылды: 28

Бөкейлік Альфия – 146 ұстаздың үздігі

2019 жылдың маусым айында БҚО «Өрлеу» БАҰОАҚ филиалы ІІІ кезеңнен тұратын «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауын жариялаған еді.

orda alfia

Мектепке дейінгі, орта, қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары ұстаздарының бейне-сабақтар мен бейне-дәрістерін сарапқа салып, озығын насихаттауды мақсат ететін бұл байқауға облыстың 146 ұстазы қатысқан. Осы аламаннан Альфия Аксенова үздік танылды. Ханордалық ұстаз тыңнан түрен салып, балалардың қызыға ойнайтын Майнкрафт ойынын өз тәжірибесіне тиімді пайдаланып, сабақты түсіндірудің қызықты әдісін тапты деуге де болады. «Бастауыш сынып мұғалімі» аталымында үздік танылған Альфия Ринатқызы бар жетістігі тек бұл емес. «Өрлеу» филиалының жыл сайын өткізетін байқауының қатысушысы. Сонымен қатар соңғы үш жыл қатарынан «Смарт-ұстаз», «Сабақ контенті», «Педагогикалық идеялар панорамасы» аталымдары бойынша жүлдегері.

Өзінің айтуынша, тәжірибелі ұстаз түрлі желілік байқаулардан мұғалімге үйретері мол, ережесі бекітіліп, жұмыстарды саралауда олқылықтарың мен артықшылықтарыңды айтып беретін мамандары бар «Өрлеу» филиалының конкурстарын артық санайды екен.

Арай Марат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале