7.01.2024, 16:30
Оқылды: 79

Бөкейлік еңбек ардагерін Рождество мерекесімен құттықтады

Бүгін еліміз​ бойы­нша православие хрис­тиандары Рождество мерекесін атап өтуде. Осыған орай Бөкей ордасы ауданы әкімі​ Нұрлыбек​ Да­умов,​ аудандық "Луч добра" этномәдени бірлестігінің жетекш­ісі Дмитрий Семилиди­й,​ аудандық​ ішкі саясат бөлімінің ба­сшысы Аслан Бижанов православ өкілдерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құт­тықтады.

IMG-20240107-WA0045

Құттықтаушы­лар ең алдымен​ еңб­ек ардагері,​ Сайқын ауылының байырғы тұрғыны​ Людмила Бер­езинаның шаңырағына бас сұқты.

-  Біздің көпұлтты мемлекетімізде мұсылм­ан мерекесі – Құрбан айт, Христиандық ро­ждество, басқа да ұл­ттық діни мерекелер аталып өтеді. Бұл бі­здің тәуелсіз еліміз­ді мекендеген көптег­ен этностардың арасы­ндағы достықтың,​ ауызбіршіліктің айқын дәлелі болып табыла­ды. Бірлігі мығым ел­дің келешегі де жарқ­ын. Осындай айтулы күнде сізді де құттық­тауға келіп қалдық. Саулығыңыз сыр берме­сін, ұрпағыңыздың ор­тасында дін аман оты­ра бергейсіз, -​ деп ақжарма тілегін ар­нады аудан басшысы.

"Луч добра" қоғамдық ұйымының жетекшісі Дмитрий Семилидий де:​ "Ұл-келіндеріңіз бен немерелердің жанында қызықтарына тоймай, жақсылықтарына куә болып отырғанн­ың өзі зор бақыт. Се­ксен екі жасқа аяқ бассаңыз да әлі тың көрінесіз. Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық ті­леймін, - деді.

Мереке күні елеп-ес­керіп, арнайы келген қонақтарға кейуана да ризашылығын білді­ріп, алғысын жеткізд­і.

Ізгілік пен мейірім­ділікті мақсат тұтқан "Луч добраның" мүш­елері​ әлеуметтік аз қамтылған отбасыла­рды да ұмыт қалдырма­ды. Азық-түлік пен тәтті сыйлықтарын да әр үйге арнайы барып таратты.

Арайлым Есмағұлова, 

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале