31.10.2025, 23:13
Оқылды: 334

Бөкейлік қарияларға құрмет көрсетілді

Қайырымдылық айлығы аясында Бөкей ордасы ауданының мәдени әлеуетін дамытуға үлес қосқан ардагер мамандардың құрметіне дастархан жайылды.

IMG-20251031-WA0063

Құрметті меймандарды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайноллина, аудандық мәдени-демалыс орталықтың директоры Жоламан Сисенғалиев қарсы алып, мәдениет пен өнерді дамыту жолындағы еңбектеріне алғыс айтты.
Өз кезегінде ардагерлер де көрсетілген құрмет пен ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің жастар мен аға буын арасындағы сабақтастықты нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті.

IMG-20251031-WA0061
Аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары жанды дауыста ән шырқап, күй төгілтіп, мерекелік басқосудың ажарын кіргізді. Айта кетелік, сала басшысы бастаған ұжым келген меймандарға сый-сыяпаттарын ұсынды.

Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале