24.04.2024, 19:00
Оқылды: 3

Бөкейлік полицейлер оқушылармен жүздесті

Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен коворкинг орталығында құзырлы орган өкілдері оқушылармен кездесті.

8b27d570-3dd5-44f1-8794-c437f160cbac

Кездесуде полиция бөлімінің қызметкерлері оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша біраз мәселені алға тартты. Әсіресе, лудомания, интернет алаяқтық, жол қауіпсіздігі және электромопедтерді тізгіндеген жастарға қатысты кеңінен тоқталды. Энергетикалық ішімдіктің адам ағзасына зияны туралы дәрігер Әйгерім Амангелдіқызы түсінік берсе, жаз мезгіліндегі өрт, су қауіпсіздігі жөнінде төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ақылбек Сағитов айтты. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Мақсот Құрамшин әскери жоғары оқу орындарына түсу, әскери қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы сөз қозғаса, діни экстремизмнің салдары, оның алдын алу жолдары бойынша жергілікті теолог Мұхамедәлі Медетұлы түсіндірді. Кездесуге жиналған жастар да көкейіндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

Ақсәуле Әлжан, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале