Бөкейлік спортшыларымыздың қанжығасы майланып, түрлі спорттық додаларда жеңістің тұғырынан түспей келеді.
Күні кеше ақпанның 24-26-і күндері Астана қаласында гір тасын көтеру спортынан жасөспірімдер мен ерлер және ардагерлер арасында республикалық чемпионатта да жерлестеріміз топ жарды.
85 келі дәрежесінде сынға түскен Мейрамбек Омарғалиев ағамыз жеңімпаз атанып, енді Азия біріншілігінде елдің намысын қорғамақ.
97 келі салмақта қатысқан Қуанғай Жанғуатұлы мен 75 келіде қатысқан Рахым Какимовтер де жақсы нәтиже көрсетіп, жетістіктерге жетіп, ІV орындарды иеленді.
Арайлым Марат
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz