Аудандық спорт мектебінің заңгері Жалғас Нұралиев үшін бұл алғашқы сайлау.
– Биылғы жыл үшін мен маңызды оқиғалармен есте қалмақ. Жас маман ретінде қызметке тұрдым. Енді бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқанға келіп, өз таңдауымды жасадым. Атом электр станциясын салу туралы түрлі пікірлер айтылады. Мен еліміздің болашағына дауыс бердім және өте дұрыс таңдау жасадым деп сеніммен айта аламын, - дейді.
Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы