15.02.2024, 0:00
Оқылды: 27

Бөкейлік жас тенисшілер жарап тұр

Орал қаласында өткен жасөспірімдер  арасындағы  үстел теннисінен облыстық чемпионатқа бөкейлік жас теннисшілер қатысып, үздік үштіктен көрінді.

IMG-20240214-WA0140

2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы  командалық сында  үшінші орынды қанжығасына байлаған спортшыларымыз үшін бұл үлкен жетістік. Ал, 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында теннисшілеріміз үздік төрт команданың қатарынан көрінді.  Сондай-ақ, балалар  мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Оспан Қайсар "Үздік техникасы үшін" аталымына ие болды.

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале