Бөкей ордасы ауданының тұрғындары еліміздегі саяси маңызды науқанға белсенділікпен қатысуда. Аудан орталығындағы N75 учаскеде дауыс беру қарқынды.
- Дауыс беру басталған жарты сағатта 58 адам келді. Жеміс Танашева апамызды ерекше айтып кеткім келеді. Ол сайлауға Нұр-Сұлтан уақытымен келді, яғни жергілікті уақытпен айтқанда сағ 06:15-те келді. Жай келмей, гүлін алып, әдемі киініп келіпті. Азаматтық белсенділікті осы аға буыннан үлгі етсек, жақсы болар еді, - дейді учаскелік комиссия төрағасы Тілеген Кадимов.
Аталмыш учаскеде 13 көшеден 956 сайлаушы тіркелген.
Ашылу салтанатында аға буыннан Меңдібай Қаресов, алғаш рет дауыс берген Фархад Камаловтарға сый-сыяпат табысталды.
- Сағат 11:00-ге дейін 6052 азаматымыз бюллетень алды. Яғни, дауыс берушілердің 65%-ы өз таңдауларын жасады, - дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпанов.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz