Бөкей ордасы ауданының Т. Масин және Саралжын ауылдық округтеріндегі сайлау шарасы таңғы 7-де басталды. Алғаш рет өтіп жатқан саяси науқанға қос округтің тұрғындары да зор белсенділік танытып, таңдауларын жасауда.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпановтың айтуынша екі округ бойынша барлығы 1 308 сайлаушы бар. Т. Масин ауылындағы №69-70 сайлау учаскесі бойынша 693 адам, ал Саралжын ауылындағы №71-72 учаскесінде 615 сайлаушы бар. Сайлау басталғаннан 400-ге жуық адам дауыс беріп үлгеріпті.
Айта кетелік, сайлауға қатысуға барлығы 4 адам өз кандидатурасын ұсынып, тіркеуден өткен. Оның екеуі "Nur Otan" партиясының атынан сайлауға түссе, екеуі өзін өзі ұсынған.
Дауыс беруге келген тұрғындардың дене қызуы тексеріліп, санитарлық талаптар қатаң сақталуда.
Арайлым Есмағұл
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер