9.05.2025, 15:09
Оқылды: 264

Бөкейліктер Ұлы Жеңіс күніне орай батырлар рухына тағзым етті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Бөкей ордасы ауданы орталығында орналасқан «Қару аманаты» саябағында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

IMG-20250509-WA0017

Аталмыш шараға аудан басшысы Нұрлыбек Даумов, РФ әскерилері, АПб жеке кұрамы, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және мәслихат депутаттары, ауданның құрметті азаматтары және мекеме басшылары мен аудан жұртшылығы қатысты.

Өз кезегінде «Қару аманаты» ескерткішіне гүл шоғын қою аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбековке, Ресей елінен арнайы келген 231 әскери сынақ полигонының штаб басшысы Дмитрий Даркач пен 231 әскери сынақ полигонының байланыс бөлімінің басшысы лейтинант Данил Постковке ұсынылды.

IMG-20250509-WA0023

Ал «Қаһарман аудан» белгісіне гүл шоқтарын қою аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева мен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесовке ұсынылды.

Сонымен қатар, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Темір Масин, Ахмедияр Құсайыновтың және «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың бюсттеріне гүл шоқтарын қою Ауған соғысының ардагері Нағим Баткенов пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуовке ұсынылды.

IMG-20250509-WA0021

Барша қатысушылар да гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті.

Еркебұлан Рахметолла

Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале