29.11.2019, 21:17
Оқылды: 21

Бөкей ордасындағы қожалықтарда түсінік жұмыстары жүргізілуде

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде мал ұрлығы мен заңсыз мал тасымалының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып, ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілген еді.

bokei ordasy (1)

Мұратсай ауылдық округінің əкімі Жалғас Ташуов, учаскелік полиция инспекторы Аслан Сансызбаев Өнеге-Бисен жолын жағалай орналасқан шаруа қожалықтарына барып, кездесу өткізді. Кездесу барысында ветеринария туралы заңдарға түсінік беріп, малды бағу, ұстау, тасымалдау, сырғалау (таңбалау) т.б. жөнінде түсініктер берілді. Сонымен қатар Бөкейордасы аудандық ветеринария бөлімі дайындаған жадынамалары мен жылқы ұстайтын қожалық иелеріне жарық қайтарғыш  (flipper) ленталары таратты.

БҚО-да биылғы алты ай ішінде арнайы және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 1087 адам ұсталып, 48 қылмыстық топ әшкереленді. Сондай-ақ «өткен жылдар» санатына енген 149 ұрлық ашылды.

Биыл өңірімізде алғашқы алты ай қорытындысында 423 бас мал, 194 жылқы, 84 ірі қара, 142 қой-ешкі қолды болған еді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұрланған малдың 53%-ы, 224 бас мал немесе 83 жылқы, 42 ірі қара, 99 қой-ешкі қайтарылды. Мәселен, Жаңақала және Бөкейорда аудандарының аумақтарында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Ол топтың құрамында үш адам болған. Облыс бойынша жедел-іздестіру нәтижесінде мал ұрлығын жасағаны үшін 87 адам мен 13 қылмыстық топ ұсталды.

Еркебұлан Рахметолла

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале