Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы ұжымы төтенше жағдай жарияланып, карантинде оқшауланған жағдайда негізгі қызметтерінен қол үзген жоқ. Аудан жұртшылығына рухани серпіліс сыйлап, кереметтей концерттер тарту етті.
Халықтың карантиндегі күндерінің мазмұнды өтуіне атсалысқан клуб мүшелері түрлі тақырыптарды арқау етіп, әлеуметтік желі арқылы бейнесайыстар, челлендж секілді шараларды да ұдайы ұйымдастырғанына куәміз.
Жақын арада көпке танымал әншілер Миллат Насыров пен Рауан Қажғалиевтер «Ауылым – әнім» атты онлайн концертін өткізіп, тыңдарман қауымын бір қуантып тастады. Дәл осындай концертті бисендік қос өнерпаз Эльдар Құдабаев пен Сұлушаш Қалиева да ұсынды. «Жүректен жүрекке» тақырыбымен өткен әсерлі кеште қазақ эстрадасының әуезді әндері шырқалды. Сондай-ақ, Бисен ауылдық мәдениет үйінің директоры Екатерина Мөкешеваның сөзіне жазылған «Анашым» әнінің тұсауы кесілді.
Нұрай Таубай
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер