1.02.2018, 12:23
Оқылды: 54

Бөкейордалық шаруа алма бағын жандандырмақ

Қазір Бөкей ордасы ауданында 969 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 13 адам жалпы сомасы 63 млн. 250 мың теңге несие алған.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Сайқын ауылында  ағылшын тілін оқыту орталығы, жиҺаз цехы ашылған. Жалпы ауданда былтыр 5 дүкен, фотосалон, шаштараз, автосервис, жиһаз салоны, наубайхана, шағын пластикалық терезе цехы, 2 сұлулық салоны, дөңгелек жөндеу орны іске қосылған.

Мәмбет ауылындағы бұрынғы алма бағын жандандыру мақсатында  жеке кәсіпкер У.Нұрғалиев 2 млн.теңге несие алып, аумағы 6 гектар жерге 190 түп алма және 100 түп шие көшеттерін отырғызған.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале