Ағымдағы жылдың 5 қарашасында шамамен түнгі сағат 03.00 кезінде БҚО ІІД ЖПҚ Табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері Бөкейордасы ауданы аумағында «Охотзоопром» ӨМҚМ инспекторларымен бірлесе отырып, киікті заңсыз аулаумен айналысқан үш тұлғаны ұстады.
Тексеру кезінде оқиға орнынан мүйіздері кесілген 6 киіктің төшкесі, 12 мүйіз, сондай-ақ тіркелмеген аңшы қаруы табылып, тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шарасы жүргізілуде.
БҚО ІІД ЖПҚ
zhaikpress.kz