27.09.2021, 10:31
Оқылды: 41

Боксшылар жүлдемен оралды

Бокс мектебі қалыптасқан Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылының жас шаршы алаң шеберлері қашан да өз нәтижелерімен көпшілікті қуантып келеді. Биыл да ауыл боксшылары жақсы нәтиже көрсетуде. Олар облыс чемпионатынан жүлделі оралды.

FB_IMG_1632710510760

Орал қаласында өткен 2005-2007 жылдары туған боксшылар арасындағы облыс біріншілігінде аудан намысын қорғаған Достық ауылының былғары қолғап шеберлері үш үшінші, бір екінші және бір бірінші орынды иеленді.

Орал шаршы алаңында ойқастаған Әзірет-Әлі Егізбаев, Арман Мансұр және Фархад Қартаңбаев қола жүлде еншілесе, финалда ғана сүрінген Серік Талант күміспен күптелді. Ал қарсыластарын қоғадай жапырған Бекет Батырхан облыс чемпионы атанды.

Асхат Рыспаевтан тәлім алатын аудан боксшылары бұдан да биік нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз.

- Жалпы шәкірттерімнің жетістігі көңілден шығады. Десе де жаттығуды күшейтіп, балалардың бабын келістіруіміз керек. Басты мақсатымыз ел намысын абыроймен қорғайтын чемпиондарды тәрбиелеу, - дейді бапкер Асхат Рыспаев.

Бүгінде жаттығу жұмыстарына кіріскен боксшылар қазан айының ортасында Оралда өтетін оңтүстік-батыс аймақтық чемпионатына дайындықты бастап кетті.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале