Қыркүйек айының 7 жұлдызы күні Сырым ауданы, Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өтеді. Әкім болуға 6 кандидат ниетті.

Жуырда үміткерлер тұрғындар алдында өзара пікірсайысқа түсіп, жоспарлаған баяндамалары мен өмірбаяндарын таныстырды.
Сайыс ережесі бойынша қатысушылар алдымен жеребе тарту арқылы реттілік кезегін анықтады.

Пікірсайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлер өз өмірбаянымен баяндамасын таныстырса, екінші кезеңде кандидаттар бір-біріне даярлаған сұрақтарын қойды. Ал, соңғы кезеңде ауыл тұрғындары болашақ әкімдеріне өз сауалдарын жолдап, ой - жоспарларын, қабілеттерін байқады. Екі ауыл тұрғындарының да кандидаттарға қояр талабы - біреу. Ол - ауыл болашағы үшін бар ықыласымен еміреніп қызмет ету.

Пікірсайыс алдында Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округтерінің белсенді азаматтары Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановпен кездесті.

Кездесу барысында сайлауды өткізу тәртібі, кандидаттармен сайлаушыларға қояр талаптар және заң жүзінде белгіленген тәртіптер түсіндіріліп, халықтың электоралдық белсенділігін арттыру жайы талқыланды.
Қ.Елеуов,
Сырым ауданы