25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.
Сайлаудың бұл түрі – елді демократияландыруға бағытталған, халықтың тілегін ескеріп, таңдау жасау құқығын беруді көздейтін маңызды бетбұрыс деп ойлаймын. Бұл сайлау - Мемлекет басшысының ұсынған саяси реформаларының бірі. «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Президент Жолдауында 2021 жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырма берілген болатын. Соның нәтижесі осы өткізілгелі тұрған сайлау. Қазір үміткерлер тіркеліп жатыр. Әрине, әкім болу оңай емес. Сондықтан білімді, білікті, тәжірибелі, өз ауылының болашағын ойлайтын мамандар сайлауға түсуі керек. Ең маңыздысы болашақ әкімдер халықтың мақтанышына айналуы керек.
Рухолла Саматов,
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары