30.07.2024, 17:15
Оқылды: 7

Болашақ ауылындағы жолға асфальт төселді

Казталов ауданында жол құрылысы, соның ішінде республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

FB_IMG_1722316491360

Бүгінгі таңда аудан орталығы Казталов ауылынан облыс орталығына дейін заманауи қара жамылғы төселген жолмен қосылғанына көп болған жоқ. Ендігі кезекте ауылдарды жалғайтын аудандық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өзіміз куə болғандай өткен жылдары шалғайда жатқан Болашақ–Тасқала бағытындағы жолға қара жамылғы төсеу жұмыстары жасалды. Ал биыл Болашақ ауылдық округі орталығындағы 1 шақырым көше жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қара жамылғы төселді.

FB_IMG_1722316498155

Ауыл халқы үшін өте маңызды ішкі жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына 87 млн. 901,1 мың қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге конкурс бойынша «ЖайықЖолҚұрылыс» ЖШС танылып, мердігер мекеме өзіне тиесілі жұмыстарды жүргізіп, сапалы түрде аяқтаған.

Ауылдың көркейгеніне, маңызды саладағы қарқынды жұмыстарға тұрғындар дән риза.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале