9.06.2025, 19:00
Оқылды: 175

Болашақ чемпиондарды қабылдады

Бүгін аудан әкімінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов жуырда Жаңаөзен қаласында өткен спорт ардагері, жаттықтырушы болған Ақылбек Теміровты еске алуға арналған, бокстан республикалық турниріне қатысып, жеңіспен оралып Жәнібек ауданының атын шығарып жүрген Мерейхан Қамит пен Әзизхан Қадырды қабылдады.

image-09-06-25-05-32-4
​Жаннұр Бекбауұлы ауданымыздың абыройын асқақтатып келе жатқан спортшыларға сәттілік тілеп, әрқашан биіктерден көрінулеріне тілегін білдірді. Көк туымызды желбіретіп жүрген чемпиондарға құрмет көрсетіп, аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатын табыстады. Сондай-ақ споршыларға қолдау білдіріп, демеушілік көрсетіп жүрген бокс федерациясының президенті Алтынбек Исаев пен бапкері Нұрбек Орынбаевқа ерекше алғысын білдірді.
​Аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов та жас спортшыларға лебізін білдірді.
​-Өте қуаныштымын! Шын жүректен құттықтаймын. Бапкерлердің еңбектеріне рахмет, балалардың көздерінен от жанып отыр. Қандай көмек керек, қолымыздан келгенше көмектесуге әзірміз. Биіктен көре берейік, қатарларыңыз көбейе берсін, - деді.

image-09-06-25-05-32
​Айта кетейік, жалпы жарысқа 263 спортшы қатысқан додада Әзизхан Қадыр екінші орынды иеленсе, Мерейхан Қамит үшінші орыннан көрінген болатын.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале