4.05.2022, 10:30
Оқылды: 75

Болашаққа бағдар – табысты ел болудың кепілі

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына, міне, биыл 5 жыл толып отыр. «Өз тарихын білген ел ешкімнен жеңілмейді» демекші,  бұл бағдарламалық мақала халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруда басым бағыттарын айқындап бергені рас. Сол себепті, бұл бағдарламаны – қоғамға рухани жол көрсетіп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген идея деп түсінеміз.

5

Фото дереккөзі: qazaquni.kz

Осы жыл ішінде Теректі ауданы бойынша атқарылған ілкімді істер жетерлік. Бағдарламаның басты бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы секілді 6 бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан рухани-мәдени шаралардың молдығы көңіл көншітерлік. Біткен іске сыншы көп. Кемшіліктері де болуы мүмкін. Бірақ ел санасын жаңғырту жолында істеліп жатқан сапалы әрі маңызды іс-шаралар да баршылық. Аталған  арнайы жоба шеңберінде шешімін тауып жатқан түрлі деңгейдегі рухани, тарихи, мәдени-әлеуметтік кіші жобаларды да ескеру керек. Мәселен, елімізде жастарға қамқорлық, еріктілер қозғалысы, отбасылық дәстүрді сақтау, ауылға бетбұрыс, ақын-жазушыларымызды қолдау, ұлттық тарихымыз бен жалпы ұлттық мәдени-рухани санамызды жаңғырту бағытында жасалып жатқан үлкенді-кішілі шаралар жай ғана жалаң сөз емес, ел келешегі үшін игі ниеттен туындаған ізгі мақсаттың нәтижесі.

Хош, сонымен…  

Ауданымызда алғаш рет Сарыөмір ауылында «Шалқар толқыны» республикалық ән байқауы ұйымдастырылды. Жас әншілер додасына республика өңірлерінен 26 үміткер қатысып, бақ сынады.

IMG-20220429-WA0048

Сондай-ақ, жерлес жазушымыз Хамза Есенжановтың 110 жылдығына орай Подстепный ауылындағы «Ұлы дала» саябағында  ақынның мүсіні ашылды. Мүсіннің ашылу салтанатына  ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, тарихшы-ғалым Сайлау Сүлейменов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Шолпан Қыдырниязова, өлкетанушы, профессор Жайсаң Ақбай, айтыскер ақын, ұлағатты ұстаз Дариға Мұштанова және жазушының туған-туыстары қатысты.

IMG-20220429-WA0050

2018 жылы Абай ауылында, 2019 жылы Юбилейныйда және 2021 жылы Сарыөмір ауылдарында «Қымызмұрындық» дәстүрлі шаралары ұйымдастырылды.

IMG-20220429-WA0051

 

Аңқаты ауылында «Қоянды шалмай алар, құмай тазы» атты спорттық ойындар, Сарыөмір ауылы, Шалқар көлі жағасында, Сасай мен Сантас баурайында «Жайық қыраны-2020» республикалық турнирі, «Ақ бата - асыл мұра» аудандық сайыстары өтті.

IMG-20220429-WA0054

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік - тұғырым» облыстық ақындар айтысы, «Марабай жыраудың туғанына 180 жыл» жыршылар байқауы көптің көңілінен шықты.

Аудандық Қадыр оқулары, «Ата салтым - асыл мұра» аудандық фестиваль, Ару ана - 2022» әлеуметтік қызметкерлер арасында байқау, «Бата алғанның бағы артар», «Жылдың басы - әз Наурыз» облыстық ақындар айтысы, « Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы» және жаппай көкпар ойыны ұйымдастырылды.

IMG-20220429-WA0053

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» және «Туған жер» жобалары аясында Теректі ауданы, Долин аулының маңында Орал-Орынбор тас жолының оң жағында 250 метр жерде, биіктігі – 7 метр, жалпақтығы – 4 метр «Тақсай ханшайымы» кесенесі бой көтерді.

IMG-20220429-WA0056

Сонымен қатар аудан көлемінде маңызы мен мәні зор шараның бірі - «Рухани жаңғыру - мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция болды. Оған облысымызға танымал ғалымдар, тарихшы мамандар, мектеп директорлары, ауылдық округ әкімдері, жастар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен, Теректі ауданының құрметті азаматы Сағидолла Бисенғалиев дайындаған аудан энциклопедиясының тұсауы кесілді. Энциклопедия аудан тарихын, еңбегімен еленген тұлғалардың өмірін, қасиетті жерлері мен табиғат тылсымдарын оқырманға ұсынып, қазақ мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрі турасында да біраз мағлұматтар береді.

«Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі» арнайы жобасы аясында 2532 адамды қамтыған түрлі форматта 150-ге жуық шаралар ұйымдастырылды.

«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлердің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асқанын айта кеткен жөн. Теректілік кәсіпкерлердің, меценаттардың және мектеп түлектерінің демеушілігімен жалпы құны 309 млн. 340 мың теңгеге 22 жоба қолға алынды. Мәселен, 2018 жылы 15 млн. 800 мыңға 10 жоба, 2019 жылы 206 млн. 820 мыңға 7 жоба, 2020 жылы 86 млн. 720 мыңға 5 жоба, 2021 жылы 5 млн. 952 мыңға 19 жоба іске асты.

IMG-20220429-WA0052

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы  мәңгілік ел құру жолындағы асыл мұраттар тек отансүйгіштік рухта тәрбиеленген болашақ ұрпақтың қолында екендігін дәлелдеп берді.  Бұл мұраттар ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы - халқымыздың асыл қазынасы, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүниесі.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале