26.09.2024, 17:15
Оқылды: 19

Болашақта ауыл түлектері ойын алаңын салды

Казталов ауданының Болашақ ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы да бір нысан пайдалануға берілді. Нақтырақ айтсақ, Жаңатаң ауылының әр жылдары мектеп бітірген түлектері бірігіп, ауылға ойын алаңын салып берді.

93BE05A4-D909-4BAF-A645-802D8C453E6B

Ауыл балаларын қуантқан ойын алаңының ашылу салтанатына Казталов аудандық мәслихатының төрағасы Сәрсенбай Молдашев, округ әкімі Артур Берденов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Ел игілігі үшін игі іс атқарған түлектерге алғысхаттар табысталып, ауылдың батагөй қариясы Исмағұл Мусин ақ батасын жаудырды.

Туған жерге тағзым қылып, көпке үлгі болар іс атқарған мектеп түлектеріне ауыл халқы дән риза.

7156DC5B-0468-4411-9FD4-341F8BFA0299

462D9321-DB3D-479A-8069-1B0DE5494863
72A3CD25-C2E7-4090-8D99-3293A016184F
CBA84915-26FB-44BD-B36D-532F60E240B1
Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале