Бүгін «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес Казталов ауданына қарасты Болашақ ауылының тұрғындары округ əкіміне үміткерлерге дауыс беруде.
Сайлаушылар таңғы 7:00-ден бастап округтегі №235, №237, №237, №239 сайлау учаскелеріне келіп, өздері таңдаған үміткерге дауыс беріп жатыр.
Сайлау учаскелеріне келіп жатқан халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, болашаққа деген сенімдері мол.
«Ауыл айнасы» газеті,
Казталов ауданы