Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановты әріптестері зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, өңіріміздің экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосқан Сергей Харипуллаұлына әріптестері мен ауылдастарының алғысын жеткізген аудан әкімі Асланбек Сарқұлов мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, иығына шапан жапты.
Сергей Тоқпанов 1960 жылғы 13 тамызда Саратов облысы Питер ауданы Нива кентінде дүниеге келген. 1983 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринариялық институтын, 2004 жылы Қазақ коммерциялық қаржы академиясын тәмамдаған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Астанаға — 20 жыл» мерейтойлық медалдары мен «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталған. Мемлекеттік қызметте 26 жылдан астам уақыт жұмыс жасады.
Салтанатты жиында адал еңбегімен еленіп, айтулы тұлғаға айналған Сергей Хариполлаұлын әр салада еңбек еткен әріптестері де қызу құттықтап, зейнеткерлік жасқа шыққан туған күн иесіне сәтті демалыс тіледі.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz