Бәйтерек ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Бағдат Халденов тағайындалды.
Бағдат Бибетұлы 1991 жылы 13 қаңтарда Ақжайық ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2009-2013 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында білім алған.
Еңбек жолын 2013 жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімі қызметінен бастаған.
2014-2016 жылдары Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы «ЮНИКК» ЖШС-да бетоншы;
2016-2017 жылдары Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімдігінің аппаратында статист;
2017-2018 жылдары Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында» кеңесші маман;
2018-2019 жылдары Бәйтерек ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау жұмысы бөлімінде бас маман;
2019-2020 жылдары Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2020 жылдың 2 маусымынан 1 қазанына дейін Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, 2020 жылдың 1 қазанынан күні бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
Гүлжаз Баделова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz