Қазан айының алғашқы жексенбісі - ұлағатты ұстаздар мерекесі. Мереке қарсаңында Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов жас ұстаздармен, оның ішінде Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті. Емін-жарқын кездесу барысында жас ұстаздар мектеппен байланысты оқиғаларды айтып берді.
Сондай-ақ білім беру саласына қатысты мәселелер талқыланды. Педагогтерге жасалып жатқан жағдайды баяндаған жас ұстаздар Тәуелсіздігіміздің құрдасы болғанын мақтаныш ететіндігін және бұл білімді ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік екендігін атап өтті.
Өз кезегінде аудан әкімі Миржан Сатқанов алдағы жылдары аудан педагогтеріне арналған 70 орындық жатақхана салынатындығын тілге тиек етті.
Тәуелсіздік жылдары ауданда 5 мектеп, 8 балабақша мен 1 мектептен тыс мекеме салынған. Бүгінде өңірдегі 2800 білім беру қызметкері алдына келген әр шәкірттің қабілет-қарымын дамытып, ізденіспен тынбай еңбектеніп келеді. Үйретуден жалықпайтын ұстаз қауымның еңбегі оқушылардың оқудағы үздік нәтижелерінен көрініс табуда.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz