Ағымдағы жылдың 4-11 қаңтар аралығында Орал қаласында 2008-2009 жылы туған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.
Аталған жарыста Батыс Қазақстан облысының құрама командасы Gracia.kz І орынға ие болды. Облыс командасының құрамында ауданымыздың жас волейболшылары да бар. Атап айтсақ, Софи Давлеткалиева, Аружан Қуаныш, Милана Кенжеғалиева және Малика Амантаева.
Бөрлілік Аружан Қуаныш ҚР қысқы чемпионатының «Үздік ойыншысы» атанды. Жеңімпаз қыздарды аталған жарысқа дайындаған, команда жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі және «Волейбол» үйірмесінің жетекшісі Айдос Ашығалиев.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы