26.12.2025, 9:30
Оқылды: 123

Бөрлі аудандық ауруханасы - үздік

Жақында 3 айға созылған “Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көшбасшысы”  байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауға Бөрлі аудандық ауруханасы да қатысқан еді. Байқаудың қорытындысы бойынша аудандық аурухана І орынға ие болды.

Лидер ПМСП (2)

“Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көшбасшысы” байқауын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары ұйымдастырған. Конкурс елімізде 1 тамыз бен 30 қараша аралығында өтті. Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қатысты.

Аймақтың үздік емханасы МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар санын арттыру, емхана жұмысына қатысты шағымдардың санын азайту, тіркелген азаматтар арасында МӘМС жүйесі мен пациенттерді қолдау қызметі жұмысы жөнінде сауалнама жүргізу, динамикалық бақылаудағы азаматтардың жедел ауруханаға жатқызылу деңгейін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендету, МӘМС жүйесінің артықшылықтары және принциптері, сондай-ақ жарналар мен аударымдар тәртібі туралы ақпараттық материалдарды БАҚ мен әлеуметтік желілерде жариялау сияқты шарттар негізінде анықталады.

Былтыр Қор осындай байқауды еліміздің 18 өңірінде өткізген болатын. Аталған байқау медициналық қызмет көрсетушілер мен Қор арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізді.

Лидер ПМСП (1)

Осы уақыт аралығында аудандық ауруханада бес негізгі бағыт бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, халықты МӘМС-пен қамту, ИРР көрсеткіштері, тұрғындардың қанағаттану деңгейін арттыру, шағымдарды азайту және созылмалы науқастарды шұғыл госпитализациялау көрсеткіштерін төмендету.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале