Бүгінгі жалпыұлттық республикалық референдумға Бөрлі ауданы әкімі Еркебұлан Ихсанов та келіп, өз таңдауын жасады. Аудан әкімі Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінде орналасқан №81 сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс берді.
Қазіргі таңда №81 учаскеге қала тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда. Аталған учаскенің төрағасы Әлия Рашеваның айтуы бойынша, саяси науқан қарқынды жүруде.
- Бүгінгі референдум комиссиясы өз жұмысын сағат 07.00-де бастады. Жалпы №81 учаскеде 2858 адам тіркелген. Сағат 13.00-дегі ақпарат бойынша 812 тұрғын дауыс берген. Таңертеңнен бері 18 жасқа толған 10 адам, 3 туған күн иесі дауыстарын беріп, сыйлықтарын алды. Учаскемізде 6 адам үйден дауыс беретіні тіркелген. Түскі уақыт кезінде арнайы жәшік пен бюллетень қағаздарын алып, комиссия мүшелері олардың үйлеріне аттанды, - дейді комиссия төрағасы.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы