25.12.2021, 9:00
Оқылды: 48

Бөрлі ауданы әкімі тәуелсіздік құрдастарымен кездесті 

Егемен еліміздің торқалы тойы аясында Бөрлі ауданының әкімі аудандағы әр салада табысты еңбек етіп жүрген тәуелсіздік құрдастарымен кездесті. 

7fffd830-7b5e-4b16-a4cd-4b5cc1adc27d

Мақсат - жастармен емен-жарқын әңгіме өрбіту. Тәуелсіздіктің құрдастары осы жылдарда жеткен жетістіктерін айтып, еліміздің жеткен жетістіктерін түгендеді.

Еліміз егемендік алған жылы дүниеге келіп, елімізбен бірге бой түзеп, бұл күнде «ат жалын тартып мініп» өмірге араласып, белгілі бір саланың маманы болған Тәуелсіздік құрдастарымен кездесіп отырмыз. Өздеріңізге қарап, жыл өткен сайын нығайып, беки түскен

Тәуелсіздігіміз бен Мәңгілік еліміздің жарқын келешегіне деген сеніміміз артады. Сіздер егемен мемлекеттің оқу орындарында білім алдыңыздар, бойларыңызда қойған мақсат пен таңдаған бағыттарыңа деген сенімділік, ерік-жігер бар. Өздерің сияқты білімді, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастарымыз барда еліміздің мәртебесі биік болатынына сенімдіміз, - деген Миржан Мұнайдарұлы әр қайсысына естелік сыйлық табыс етті.

Айым Ғабділбарқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале