Жақында Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы өткен болатын. Абай ұлттық мектебінде өткен аталмыш байқауды Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған болатын.

Білім беру ұйымдарындағы психолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және психологиялық қызметтің маңыздылығын кеңінен насихаттауды мақсат кен бұл байқау нағызх білімділер мен шебер де тәжірибелі мамандардың сайысы болды. Конкурстың үш күнге созылуының өзінен ақ жарыстың күрделілігін байқауға болады. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. Аталған республикалық додаға Бөрлі ауданы атынан үш педагог-психолог қатысқан еді. Олардың үшеуінің де жоғары нәтижелерге қол жеткізгені қуантып отыр.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің психологі Борамбаева Гүлдерайым Тлепбергенқызы және Бөрлі ауданы Мектептен тыс жұмыс орталығының психологі Талблимова Асель Ерланқызы III орынға ие болған.
Сонымен қатар, Ақбұлақ МББК психологі Акдавлетова Айжамал Нурланқызы да байқауға белсенді қатысқаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған. Бүгінгі таңда бала тәрбиесіндегі педагог-психологтің біліктігінің маңызы зор екенін ескерсек, бұл марапат тек білім бөлімінің ғана емес, бала өсіріп отырған сіз бен біздің де қуанышымыз. Ендеше, жеңіс құтты құтты болсын!
Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы