31.03.2026, 11:00
Оқылды: 47

Бөрлі ауданында 250-ге жуық борышкер бар

 

Бөрлі аудандық полиция бөлімі аудан аумағында, яғни  25-30 наурыз аралығында "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Рейдтік іс-шара борышкерлерді анықтауға және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған.

 рейд, полиция, ЖП, Аксай  "Борышкер" іс шарасы шеңберінде  сала қызметкерлері айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша жұмыстанады. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы  Ербол Каренов,  аталған іс шара туралы кеңірек тоқталып өтті.

- Шара барысында көліктер айыппұл тұрағына қойылып, мүлікке тыйым салынады. Бүгінде аудан аумағында айыппұл төлеушілер саны 250 - ге жуықтады. Олардың берешегінің көлемін айта кетсек, 5 млн теңгеге жетті, - деді Ербол Айдынғалиұлы.

Борышкерді сала мамандары ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әзірленген “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” мобильді қосымшасы арқылы анықтайды. Жол ережесін тиімді бақылауға, жазаны бұлтартпау қағидатын сақтауға арналған автоматты жүйе арқылы, мүмкін болған жағдайда сол жерден-ақ айыппұлын өтеуге мүмкіндік береді, немесе берешегін толық төлегенге дейін айыппұл тұрағына көлігін тұрақтатады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап енген өзгерістер туралы да айтып өтті.

- 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап енген өзгерістерге сай Электр самакаттар көлік құралдары ретінде ресми түрде танылады, ал оларды пайдалану бірыңғай және міндетті ережелер бойынша реттелетін болады. Электр самокат жүргізушілері жол ережесін бұзған жағдайда, көлік жүргізушілерімен бірдей жауапкершілікке тартылады. Кәмелет жасқа толмаған жүргізушілер үшін айыппұлды ата-анасы өтейтін болады. Бұл шаралар жол қауіпсіздігін арттыруға және олардың қатысуымен болған апаттар санын азайтуға бағытталған, - деді Апб-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ербол Каренов.

рейд, полиция, ЖП, Аксай

Айта кетейік, полиция қызметкерлерінің айтуынша,  егер сізге әкімшілік айыппұл жазып берілсе, мысалы, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, онда айыппұлдың жалпы сомасының жартысын ғана төлеп оны өтеуіңізге болады. Ал 7 тәулік өткеннен кейін құқық бұзушы  айыппұлды 30 күн ішінде өз еркімен төлеуге тиіс екен.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале