Қазіргі уақытта Бөрлі ауданында әліде төтенше жағдай сақтаулы. 1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылының IV тоқсаны басталатыны бәрімізге белгілі. Төтенше жағдайға байланысты Бөрлі аудандық білім беру бөлімі 3 мектептің қашықтан оқытылатынын хабарлады.
Сурет: qazaquni.kz
Олар Кеңтүбек ЖОББМ, Пугачев МБК және Ақсай қаласының №8 ЖОББ мектептері. Су тасқынына тап болған Ақсу МБК оқушылары қазіргі уақытта Ақсай қаласының №5 ЖОББ мектебінің интернатында орналасқанына байланысты, сол мектепте оффлайн оқитын болады. Ал ауданымыздағы қалған 20 мектеп штаттық режимде жұмыстарын жалғастырады.
Сонымен қатар Бөрлі аудандық білім беру бөлімі Кеңтүбек ауылындағы «Жұлдыз» бөбекжайы мен Пугачев МБК жанындағы бөбекжай жұмыстарын штаттық режимде жүргізетінін хабарлады.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы