3.11.2025, 20:00
Оқылды: 137

Бөрлі ауданында «Демалыс» жедел іс-шарасы өтті

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 27 қазан - 2 қараша аралығында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

ровд
- Шараның мақсаты оқушылардың күзгі демалыс кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасында топтық төбелес, оқыс оқиғалардың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүрмеуін қадағалау. Сонымен бірге кәмелет жасына толмағандарға алькагольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, - деп түсіндіріп өтті Апб-нің қоғамдық - қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты - деді Ардақ Хайрулина.

ровд2
Шара барысында аудан орталығындағы бірқатар демалыс орындарын аралап, әр нысанның әкімшілігіне ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, демалыс орындарының ішкі бөлмелеріне шолу жасалды. Бұл ретте кәмелет жасына толмағандарды еңбекке тарту бойынша да заң бұзылушылықтың болмауын қатаң ескертіп өтті.

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале