5.06.2024, 12:01
Оқылды: 42

Бөрлі ауданында қандай жаңа жобалар жүзеге асып жатыр?

Бөрлі ауданы негізінен өндірісті аудан саналады. Бірақ ауыл шаруашылығы, соның ішінде ата кәсібіміз мал шаруашылығы өз жұмысын босаңдатқан емес. Керісінше, жыл сайын түрлі мемлекеттік бағдарламаларды игеріп, аталмыш саланы дамытып келеді. 2024 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1 млрд. 698 млн. теңгені құрайды.

63ABB8A8-AE9C-4472-A3FC-54258A4EF237

Негізінен, мал шаруашылығына тиесілі бұл көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңінің деңгейімен салыстырғанда 101% болып отыр.

«Егін шаруашылығы бойынша 2024 жылғы көктемгі егіс жұмысына – 48 дәнді және майлы дақылдар және төрт көкөніс – картоп, бақша егетін шаруашылықтар қатысады деп жоспарланған, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алтынбек Бексеитов.

Ал мал шаруашылығы бойынша, 2024 жылдың 1 мамырына ауданда ірі қара мал – 26 833 бас, соның ішінде сиыр 12 497 бас болып тұр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда 115% өсім бар. Сондай ақ жылқы малы бойынша да өсім бар. Бүгінде ауданда жылқы малы – 9 758 бас немесе былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 116,2%».

Бөлім басшысы Алтынбек Климұлының айтуынша, ауданда 23 ауылшаруашылық кооперативтері тіркелген. Оның 5-уі өткен жылы, яғни 2023 жылы құрылған. Өкініштісі, қазіргі таңда осы ауылшаруашылық кооперативтерінің 7-уі ғана өнімді жұмыс жасап тұрған болып шықты.

Солай бола тұрса да, аудан бойынша жалпы өндірілген мал шаруашылығы өнімі (тірі салмақта), мәселен, ет өнімі 888 тоннаны құраған. Бұл дегеніңіз, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,8%. Сол сияқты сүт өнімі де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған 102,1% артық орындалған.

5FC8F02B-7C0F-4C50-8DE7-2C6D3E874BF5

Дегенмен, бұдан да жоғары нәтижеге жеткісі келетін, жаңалыққа құштар, алдына мақсат қоя білетін, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алып жатқан шаруашылық адамдары да бар болып шықты.

Аудан бойынша бүгінгі таңда үш инвестициялық жоба іске асырылу сатысында екен. Әңгімені «Достық-Қоныс» ЖШС-нен бастасақ.

Серіктестіктің жаңа жобаға қол созудағы мақсаты етті мал шаруашылығын дамыту бағытында асыл тұқымды малды өсіретін және бордақылайтын ауыл шаруашылығы кешенін салу. Жобаның жетекшісі Ернияз Төлебаев. Ол бұл жобасын Ақсу ауылында іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның қуаттылығы, яғни жоспардағы мал саны 3 мың бас. Кешеннің құрылысы 2020 жылы басталған. Құрылыс 2025 жылы аяқталып, жергілікті тұрғындардан 35 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта 2 база салынып, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жүйесі тартылып үлгерген.

Құрылыстың аяқталмағанына қарамастан, мал басының алғашқы партиялары да әкелінген. Мәселен, 2023 жылы 100 бас ірі қара, 4 бас бұқа сатып алынған.

«АМАНАТ» шаруа қожалығы Пугачев ауылында көптен жұмыс жасайды. Аудандағы ең ірі және болашаққа жоспарлары мол сүт фермасының бірі және бірегейі ретінде танылған. Бұл тауарлы -сүт фирмасы өндірген өнімдерді ара-тұра дүкендерден көріп те қаламыз. Бүйірінде «Бөрліден өндірілген» деп жазылған ірімшік, сүттері дәмді ақ. Осы іске қосулы сүтті-тауарлы фермасын 600 бас ІҚМ-ға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын естігенде қуандық. Жоба жетекшісі Бақыт Далабаев. Жобаның өндірістік қуаты күніне 8,8 мың литр сүт. Құрылыс кезінде 35 адам жұмысқа тартылады деп жоспарланған. Жобаны іске қосу кезінде тағы 35 адамды жұмыспен қамтимыз деп отыр. Қазіргі уақытта 400 бас сиырға арналған қора, тоқпен басқарылатын сиыр сауу залы, 60 бас ірі қара малға және 180 бас бұзауға арналған зал бар екен.

47E9C91E-8021-427F-A34F-2DF07F64647A

Сондай-ақ мал төлдету залы, сүт блогы және сүт салқындатқыштары дайын деуге болады. Бүгінгі таңда мал басы 232 басты құрайды, оның ішінде сауын сиыр саны 80 бас екен. Шығарылған өнімнің қолданыстағы көлемі күніне 1000 литр немесе 1 тонна сүт. Олар өндірілген сүтті Ақсай қаласында орналасқан «Каверин С.В.» ЖК дүкендеріне келісілген кесте бойынша тапсырып отырады және сол арқылы тұрғындарға жеткізіледі.

Ал енді үшінші жоба ауыл шаруашылығы бойынша екен. Ақылдос Үгітов жетекшілік ететін «Жарсуат» ЖШС Жарсуат ауылдық округінде орналасқан.  Және осы ауылда өз жобасын іске асырмақшы. Шаруашылық басшысының алға қойған мақсаты суармалы алқаптарды 950 гектарға дейін ұлғайту.   Жоба іске қосылған уақытта 15 адамды жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар екен.

Бүгінгі таңда «Жарсуат» ЖШС-де 950 гектар суармалы жерлері бар. Оның ішінде 2022 жылы 64 гектар жер игеріліп, пайдаланылған. Ал 2023 жылы 82 гектар жер пайдаланылған. Биылғы жылы 202 гектарды пайдалану жоспарлануда. Суармалы алқапты толық пайдалану 2028 жылға дейін жалғаса береді деп жоспарланған. «Жарсуат» ЖШС ауыл шаруашылығы техникаларымиен де жақсы жабдықтанған. Шаруашылықта бүгінгі таңда 12 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның ішінде хээClaass» маркалы трактор, «3 Беларусь» маркалы трактор, 2 К-701 маркалы трактор, 1 «AVR Spirit» маркалы картоп жинайтын комбайн, 3 тиегіш машина бар екен. Ұзындығы 450 метр, 100 гектарға дейін созылатын «AFKO» маркалы спринклер суару кешені, 6 көкөніс өсіруге арналған мамандандырылған жабдық сатып алынған және де осы биылдың өзінде

«Yulin Irrigation» маркалы әр қайсысы 64 гектарды қамтитын 2 дана айналмалы қозғалысты спринклер машиналары сатып алынған.

Енді «Ауыл Аманаты» бағдарламасы туралы қысқаша айта кетейік. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған делінеді. Өткен 2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауданымызда 284,3 млн.теңгеге 40 өтініш жолданған екен. Саралай келгенде 35 адамға – жалпы сомасы 265,3 млн. теңгеге несие берілген. Оның ішінде: мақұлданған 2 жоба өсімдік шаруашылығы бойынша екен. Бөлінген қаржының жалпы соммасы 4,7 млн.тг. Ал енді ​25 жоба – cүтті бағыттағы мал шаруашылығы бойынша, қаржының жалпы көлемі 154,1 млн.тг. Тағы да 4 жоба АШӨК (кооператив) мал шаруашылығын дамыту бойынша қабылданған, қаржысы 78,05 млн.тг. Шағын бизнесті дамыту саласы бойынша да 28,45 млн.тг. қаржымен 4 жоба қабылданған екен. Сонымен бірге «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен тығыз жұмыс жасайтын шаруашылықтар да бар. Қысқасы, дәл қазіргі таңда ауыл шаруашылығы бойынша шаруа істеймін және оны жаңаша деңгейде игеремін деген адамға барша мүмкіндік бар екендігі қуантады.

Дариға Нұрашова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале