6.02.2026, 18:00
Оқылды: 3

Бөрлі ауданында мал қыстату науқаны қалыпты өтуде

Бөрлі аудан бойынша биыл мал қыстағында 57 қыстақта мал қыстатылуда. Бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарының және шаруа құрылымдарының малдары толық қорада ұсталуда. Өйткені соңғы күндерде аязды күндердің көп болғаны белгілі. Ал жылқы малы толықтай тебінде.

ЖП мал, Бөкей ордасы-2026

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбек Климұлының айтуы бойынша, мал қыстағына кірген 35,2 мың шартты мал басына 79,8 мың тонна шөп, 9,3 мың тонна жем, сонымен қатар қосымша мал азығы ретінде 1,7 мың тонна сүрлем, 1,5 мың тонна пішендеме, 4,3 мың тонна сабан дайындалған екен. Бұл жалпы қажеттіліктің 104,9%-ын құрайды. Яғни мамандар мал қыстағын жақсы аяқтап шығуға толық негіз бар деп отыр.

ЖП мал, қыс  Кама апаның фотолары
Биыл қыс кеш түскені белгілі. Қыстаққа мал желтоқсанның 10-нынан кейін тұрып, сол кездегі жағдай бойынша 52,5 мың тонна шөптей (дайындалғанның 65,8%) және 7,3 мың тонна жем қолда бар (дайындалғанның 78,5%) болатын. Мал қыстаққа тұрғанға дейін, барлық қыстақтарда қыс мезгілінде малдың аман-есен шығуын қамтамасыз ету үшін кешенді түрде бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілген.

мамандар галереясы мал шаруа (5)

Мал қыстайтын қора-жайлар толық жөндеуден өткен. Қар күреу, жем-шөп тасуға арналған 145 бірлік трактор және техникалары дайын тұр. Барлық қыстақтар байланыс желісімен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінде ауданымызда мал қыстату науқаны бір қалыпты өтуде.

Дариға Кеңесбайқызы
Бөрлі ауданы

Суреттер сайт архивінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале