12.08.2025, 21:17
Оқылды: 344

Бөрлі ауданында "Мектепке жол" акциясы басталды

Жақында Бөрлі аудандық мешітінде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Білімді ұрпақ - ел келешегі" атты жобасы аясында оздырылды. Аудандық мешіт пен "Берекелі жамағат" еріктілер қоры ауданымызда тұратын көпбалалы отбасыларға қажетті оқу құралдары салынған 30 сөмкені сыйға тартты. 

мектепке жол (2)

- Мен 8 баланың анасымын. Маған аудандық мешіттен хабарласып, балаларыңызды оқу-құралдарымен қамтамасыз еткіміз келеді деп шақырды. Бүгін менің 3 балама оқу құралдарын табыстады. Көп балалы отбасы болғандықтан бізге әрдайым көмектесіп тұрады. Осындай игі шараны ұйымдастырып жатқан барлық жандарға алғысым шексіз, - дейді сегіз баланың анасы Ақсу ауылының тұрғыны Айгүл Сүлейменова.

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шараның ұйымдастырушыларына ата-аналар өз алғыстарын білдірді.

Айдана Абдрахманова, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале