1.10.2024, 15:30
Оқылды: 20

Бөрлі ауданында референдумға дайындық қалай жүргізіліп жатыр?

Референдум – мемлекеттік маңызы бар мәселені халық талқысына салу. Мұндай демократиялық институт ең алғаш рет Швецарияда қолданылған деседі. Десе де біздің халқымыздың ел билеу негізінде осы демократияның ұшқындары бар сияқты. Ерте замандарда хандар мен билер күрмеуі қиын күрделі мәселелерді халықтың талқысына, таңдауына салып отырған. Елдің, көптің пікірін тыңдап барып шешім қабылдаған.

ADCE9081-E2B5-46D9-820B-7EF09147D89A

Осы тұрғыдан алғанда референдум халықтың пікірін білу, елмен ақылдасу. Мемлекеттік маңызды мәселені ортаға салу. Сондай-ақ, республикамыздың әрбір азаматы референдум арқылы өз пікірінің маңызды екенін, өз отанының бір бөлшегі екенін сезінетін болады. Сондықтан да референдумның маңызы барлық жағынан үлкен және оны өткізу «Қазақстанда Республикалық референдум туралы» Қонституциялық заңмен реттеледі. Қазақстан Респкубликасының Конституциялық заңында «Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдерінің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру» деген түсінік берілген екен. Жақын күндері, нақтырақ айтқанда, 6 қазанда өтетін референдумның алдында референдумның Бөрлі аудандық аумақтық комиссия төрағасы Ерлан Қаржауовпен сұқбаттасып, оған қатысушыларды мазалауы мүмкін деген бірнеше сұраққа жауап бергенін өтінген едік.  

Ерлан Аманжолұлы, ең бірінші референдумға кімдер қатыса алады?

– Ренферендумға ата-тегіне, әлеуметтік, қызметтік жағдайына, тілі мен дініне, жынысына, тұрғылықты жері мен діни көзқарасына, болмаса басқа да себептерге қарамастан, жасы 18-ге толған кез келген Қазақстан республикасының азаматының қатысу құқығы бар. Референдум өткізу туралы және онда қойылатын мәселе халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілетіні белгілі. Референдум кезінде дауыс беру бюллетенінде қойылып отырған мәселе бойынша «иә» не «жоқ» деген екі нұсқа ғана болады.

Бүгінгі таңда аталған республикалық референдумды ойдағыдай өткізу үшін ауданда дайындық жұмыстары ойдағыдай болар?

– Иә, ауданда республикалық референдумға дайындық және оны өз деңгейінде өткізу жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Ауданымыз бойынша 33 дауыс беру учаскесі бар. Оның 14-і Ақсай қаласында, 19-ы ауылдық округтерде орналасқан. Референдумның аудандық аумақтық комиссиясында 7 мүше бар. Ал референдумның учаскелік комиссияларының 209 мүшесі өнімді еңбек етуде. Аудандық газетте, аудан әкімдігінің ресми  сайтында  референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы мәліметтер орналастырылды. Қыркүйек айының 15-інен бастап 33 учаскелік комиссия да өз жұмысын ресми түрде бастады. Референдумның дауыс беру учаскелерінде заң талаптарына сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға да дауыс беруге қатысу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Дауыс беру ғимаратында референдумға арнайы тақта жасақталған, референдумға қатысты көптеген көрнекі материалдар ілінген. Календарлық жоспарға сәйкес, референдумға 20 күн қалғанда учаскелік комиссиялар аудан әкімі қол қойған дауыс беруге құқығы бар аудан тұрғындарының тізімін алған болатын.

Ол тізімде бар-жоғын аудан тұрғыны қалай біле алады?

– Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер өте жақсы жұмыс жасайтынын білесіздер. Ол біздің жұмысымызды жеңілдетуде, нактырық айтсақ, дауыс берушілермен тығыз байланыс жасауда әлеуметтік желілердің көмегі үлкен болып тұр. Қазір гаджет ұстамайтын адам кемде кем ғой. Cаll-орталық, Telegram bot: BQOReferendum2024 жақсы жұмыс жасап тұр. Осылардың кез келгенінен әрбір референдумда дауыс беру құқығы бар адам тұрғылықты мекенжайы бойынша құрылған учаскелік комиссиялардан тізімде бар-жоғын біле алады. Болмаса Cаll-орталыққа қоңырау шала алады. Сондай-ақ өзіңіз тұратын жердегі учаскелік комиссияның орналасқан жерін БҰҚ немесе әкімдік сайтынан біле аласыз. Телефондарды да айта кетейін: Call-орталық: +7(775) 628 05 67, 8 (71133) 40-0-42. Сол сияқты аудан тұрғыны сол референдум өтетін күні аудан аумағынан тыс жерде болып, дауыс беруге қатысқысы келсе, онла ол адам алдын ала учаскелік комиссияға ескертуі қажет. Сондай-ақ өзімен бірге дауыс беру құқығын беретін куәлік ала кетуі керек. Біз әрине, әлеуметтік желілерге сеніп қарап отырған жоқпыз. Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялардың мүшелері дауыс берушілердің үйлері мен пәтерлерін аралап, дауыс берушілерге шақыру қағаздарын таратуда.

Дауыс беретін күні Ақсай қаласының 14 дауыс беру учаскесінде және Пугачев, Приуралье, Жарсуат және Бөрлі ауылының бір учаскесінде онлайн-сервис жұмыс жасайтын болады. Бұл дегеніңіз, егер дауыс беруші өзін тізімнен таба алмаса, онда осы онлайн-сервис арқылы іздеп, тауып беруін учаскелік комиссия мүшесіне өтініш ете алады.

Тағы бір өзекті мәселе, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қандай жағдай жасалған, соны білсек?

– Әрине, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруін қамтамасыз ету үшін бар жағдайда ойластырдық десек болады. Барлық 33 учаскелік комиссия бірінші қабатта орналасқан. Бұл қалалық №3, 4,  5 мектептер жайында. Ал Ал учаскелік комиссиялар орналасқан Өнер мектебі, аудандық аурухана және емхана ғимараттарында ережеге сәйкес пандустар бар, тактилді көрсеткіштер бар. Барлық учаскелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бұрыштар жасақталған, аудиороликтер мен басқа да қажетті атрибуттар ұйымдастырылған. Осы сұқбатты пайдаланып айтайын дегенім, референдумға қатысу – заманауи саясаттың негізі компоненттерінің бірі. Ең басты айтатыным, дауыс беру өз елінің, өз отанының тағдырына, болашағына немқұрайлы қарамайтын әрбір адамның азаматтық борышы.

Әңгімеңізге көп рахмет. Еліміз үшін маңызды мәселеде сәттілік тілеймін.

Сұқбаттасқан Дариға Нұрашова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале