Жасөспірім ұлдар мен ерлер арасында гір тасын белге іліп кермеге тартылу спорттық жаттығуы бойынша қашықтықтан қалалық жарыс өткізілді.
Ереже бойынша жарысқа қатысушы спортшылар жаттығуды үй жағдайында орындайды. Жаттығу сәті бейнетаспаға түсіріліп WhatsApp желісінде арнайы құрылған топқа жіберіледі. Бейне материалдарды жарыстың бас төрешісі қарағаннан кейін жаттығуды ең көп қатесіз дұрыс орындаған спортшыны анықтайды.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Муканов Дархан бірінші орын алса, Қошқарбаев Исатай екінші, Жургенбеков Еркебұлан үшінші орынды иеленді.
Жасөспірім ұлдар арасында Амандыков Асет үздік атынды. Екінші орынды Биарыстанов Абылай, үшінші орынды Амангелдиев Даулет қанжығалады.
Бөрлі ауданында осыған дейін де қашықтан ұзындыққа секіру, тоғызқұмалақ, Каратэ WKF тағы басқа да спорт түрлерінен және «Әкем, анам және мен» атты аудандық отбасылық жарыстар ұйымдастырылған болатын.
Мейрамбек Сыдықов
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz