30.04.2021, 9:50
Оқылды: 55

Бөрлі ауданында «Ұстаздар Барысы» аудандық турнирі өтті

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра  ауданымызда алғаш рет Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен білім беру бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп мұғалімдері арасында қазақ күресінен «Ұстаздар Барысы» аудандық турнирі өткізілді.

C78C2FF2-2A7A-4C57-8CFD-DD1D767EB4B8

Жарыстың ашылу рәсіміне Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов қатысып, кілемге шыққан ұстаздарға сәттілік тіледі. Жарысқа қатысушылар бірыңғай дене шынықтыру пәні мұғалімдері болған жоқ. Мектеп абыройы үшін сынға түсер сәтте технология, география, алғашқы әскери дайындық, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдері де белді бекем буды.  Тіпті қатысушылар сапында мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогтары мен мектеп директоры да болғанын атай кеткен жөн. Алғашқы өткізілген сайысқа білім беру үйымдарының көпшілігі қатысты. Соның нәтижесінде сайыс өте жоғары деңгейде өтті.

44613F0B-753B-4AD6-AA44-EC53DA3864B5

Жарысқа қатысқан 74 келіге дейінгі өгіз палуан атануға Орынбасар Махамбет

Сағыналиев Ислам, Нухов Аңсар, Мергенбаев Талғат, Қуатов Қайыр, Қошқарбаев Исатай, Айтекенов Ернар, Жумабаев Бейбіт, Тулеушев Берік, Ерланов Нұркен, Ғалымжанов Наурызғали, Умбеталиев Темірғали, Сариев Әділбек, Капиев Сырым есімді сен тұр мен атайын деген жігіттер үмітті болды.

Түйе палуандар сынына Кабулов Арман, Есімғали Асылбек, Уталиев Болат, Қаженов Данияр, Мамбетов Уалихан, Сахипов Арыстан, Джумагулов Нұрбол, Мамбетжанов Азамат, Жолаев Жанат, Ашыгалиев Айдос, Камилов Айбек, Махамбетов Мерей, Әжіғалиев Ғұмар, Шабаров Асхаттар түсті.

Жарыс басталар сәттен өгіз палуан арасындағы белдесуде әдемі әдіс тәсілдер қолданып, ептілігімен көптің көңілінен шыққан  №1 МБК ұстазы Орынбасар Махамбет қарсылас шақ келтірмей, мықтылығын дәлелдеді. Бөрлінің «Өгіз палуаны» тағы Махамбетке бұйырды. Мектептен тыс жұмыс орталығының мұғалімі Сариев Әділбек екінші орынға қол жеткізсе, Бөрлі ауылының барысы Ерланов Нұркен үздік үштіктің сапынан табылды.

69F67F09-0084-4B8B-8227-DCDA87E2C7F1

 Түйе палуан арасындағы белдесу көрермен тапшылағандай бола қоймады. Ел естімеген жігіттер суырылып алған шықты. Алдына келгенін алып та, шалып та жыққан Қарасу МББК ұстазы Есімғали Асылбек «Ұстаздар Барысы» атанды. Асық иіруде елді аузына қарататын қарағандылық Махамбетов Мерей боз кілем үстінде де осал еместігін дәлелдеді.  Ақбұлақ МББК ұстазы Джумагулов Нұрбол үшінші орынды еншіледі.

Жеңімпаздар тиісті дәрежелі дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

-Бұл көптен ойымызда жүрген жоба болатын. Бұдан да ауқымды өткізуге мүмкіндік мол. Алайда қазіргі ахуалға байланысты қимылдап жатырмыз. Жарыстың өтуіне демеушілік танытқандары үшін «Автомобилист» оқу орталығына, «Фруктовый рай», «Витаминка» дүкендеріне және жеке кәсіпкер А.Шамилев мырзаға алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта осы жобаны дәстүрге айналдырсақ та артық болмайды. Белсенділік танытқан барша ұстаздарға көп рахметімізді айтамыз,- дейді Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

 Мейрамбек Сыдық,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале