Жақында Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-де базасында аудандық «Профи-2025» атты тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби байқауы өтті.
Байқау білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыстанатын тарих пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеріп, тәжірибелерін насихаттау және қолдау мақсатында оздырылды.
Кәсіби байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Менің әдістемелік өнімім...» деп аталады. Онда ұстаздар Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері пәндерінен өздерінің әдістемелік өнімдерін (әдістемелік құрал, авторлық бағдарлама, көмекші құрал) таныстырды. Ал екінші «Менің шеберханам...» кезеңінде қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерінде тиімді (ұтымды) пайдаланып жүрген әдістерін көрсетті. Қағидаты: "Мен мұны қалай жасау керектігін білемін және сізге үйретемін".
Байқаудың қорытындысы бойынша Ақсай қаласының №6 МЛ тарих пәнінің мұғалімі Гүлназ Масена І орынға ие болды. Ал Ақсай қаласының №8 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Әлия Умбетова ІІ орын, Бөрлі №1 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Асылбек Жауынбай ІІІ орынға ие болды. Жарысқа белсенді қатысқан Ақсай қаласының №2 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Тюлепова мен Пугачев МББК тарих пәнінің мұғалімі Роза Бакесова дипломдармен марапатталды.
Айдана Ерболқызы,
Бөрлі ауданы